Адалдық – адамгершілік белгісі

14.12.2024

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда, 2004 жылдан бастап атап өтіледі. Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрғыдан күрделі құбылыс, ол қандай да бір деңгейде барлық елдерге әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан өз тарихындағы ең жоғары 39 ұпайға қол жеткізді. Заң үстемдігі индексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша біз 59-орынға көтерілдік. Алайда халықаралық рейтингтер – бұл тек статистика. Осыларды ескере отырып, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қалай жүзеге асырылады? Қандай оң нәтижелерге қол жеткізілді, қандай мәселелер мен кемшіліктер әлі де бар, болашақтағы перспективалық қадамдар қандай? Осы сұрақтар «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбындағы “Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінде” КМҚК «Заңгер» дебат клубында 12.12.2024 жылы өткен зияткерлік ойынның өзегіне айналды. Ойынға қатысушылар әртүрлі позицияларда фактілер мен дәлелдер келтірді. Қоғамның моральдық қағидалары, адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке негізделген заңдылық – адамның, азаматтың тәрбиеленуі мен қалыптасуының тірегі деген көзқарас төрешілерді көбірек сендірді және осы ойындағы олардың жеңісінің кепілі болды



Текст
Виртуальная приемная