«Адалдық-ең үздік саясат» дөңгелек үстел

06.12.2023

Колледж қабырғасында қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы мереке қарсаңында 2023 жылы 6 желтоқсан күні қоғамдық пәндер оқытушысы Галина Николаевна Букринаның ұйымдастыруымен 4 курс студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның тақырыбы: «Адалдық-үздік саясат». Өткізілген іс шараның мақсаты: білім алушыларды адалдыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы іс-шараға қатысушылар кезек-кезек өз пікірлерін білдірді немесе бірін-бірі толықтырды. Білім алушылар Қазақстанның көрікті жерлері туралы деректі фильмді тамашалады.



Текст
Виртуальная приемная