1 ҚЫРКҮЙЕК- ӘРБІРІМІЗ ҮШІН ҚАНДАЙ?

02.09.2022

Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін бұл ерекше күн: бұл күні жаңадан келген студенттер де, бұрыңғы білім алушылар да жаңа әсер мен тың білімді күтеді. Оқу орнының табалдырығын алғаш аттаған білім алушылар үшін, яғни жаңа өмірге басталған баспалдақ секілді, көптен күткен күн. Жоғары курс студенттері жаңа таныстарды, достарымен кездесуді және оқытушылардан дәрістерді күтеді, ал педагогикалық ұжым үшін балаларға деген үлкен жауапкершілікті міндеттейді, олардың оқуға бейімделуіне, алға жылжуына, таңдаған мамандығы үшін мақтаныш сезімін, патриотизмге тәрбиелеуге, Отанға және айналасындағыларға құрметпен қарауға үйретеді. Ал ата – аналар үшін «өз балаларын өмір атты кемеге» отырғызып, оларды уайымдау болып табылады.

"Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі" КМҚК салтанатты жиналысында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Е. А. Черкасова барлық жиналғандарды Қазақстан Конституциясы күнімен және Білім күнімен құттықтап, еліміздің инновациялық дамуында, инфрақұрылымды жақсартуда, кәсіпкерлікті дамытуда, ауыл кәсіптерінің беделін арттыруда жастардың үлесі зор екендігін атап өтті. Биыл колледж студенттерінің қатарына "Ветеринария", "Ет және ет өнімдерін өндіру", "Агрономия", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру", "Орман шаруашылығы", "Тамақтандыруды ұйымдастыру" және "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша - 170, бірінші курс студенттері оқуға қабылданды. "Білім және кәсіби шеберлік" еліне саяхат қызықты да, әрі қиын болса да, барлықтарына оқуда сәттілік пен табыс тіледі. Сонымен қатар жоғары курс студенттері жаңадан қабылданған білім алушылардың жаңа орынға бейімделуіне қолдау көрсетіп, оқу орнымыздың ережелерін, тәртібін қатаң сақтап, колледж мүлкіне ұқыпты қарауларын өтінді.

Барша қазақстандықтарды бей-жай қалдырмаған тағы бір елеулі оқиға - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы. Колледж кітапханасында педагогикалық ұжым Президенттің үндеуін тыңдап, талқылады. Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша қоғамдық пәндер оқытушысы К. К. Капаров, кәсіподақ төрағасы, өндірістік оқыту шебері А. С. Осипов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. К. Мусина сөз сөйледі. Колледж ұжымы құжатты әрі қарай талдап, ел азаматтарының алдына қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру, сынып жиналыстарын өткізу және студенттердің жарқын болашағы үшін еліміздің дамуын әрі қарай жақсартудың маңызды бағыты ретінде Жолдаудың маңыздылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігі туралы шешім қабылдады.

.



Текст
Виртуальная приемная