«Егемендік - елдің бағы жетпес игілігі!» пікірсайысы

20.10.2022

2022 жылғы 20 қазан күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің "Заңгер" пікірсайыс клубында Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған кезекті «Пікірсайыс» итнелектуалдық ойыны өткізілді. Ойынға "Агрономия" мамандығының 1 курс білім алушылары қатысты, олар теріске шығару позициясын, ал «Ветеринария» мамандығының 1 курс білім алушылары сендіру позициясын ұстанды. Пікірсайысқа дайындық кезінде және ойынның өзі барысында ойыншылар пікірсайыс ойындарын өткізу ережелерімен рұқсат етілген баспа және жазбаша материалдарды пайдаланды. Ойын қорытындысы бойынша әділқазы тең нәтиже жариялады. Ойын барысында алынған тәжірибе ойыншылар үшін ең алғашқысы болды, өйткені ойыншылардың көпшілігі осындай жоспардағы ойындарға алғаш рет қатысып отыр. Пікірсайысты өткізудің негізгі мақсаты коммуникативтік, шешендік және кәсіби дағдыларды дамыту болып табылады, білім алушылар өз пікірлерін жүйелі түрде дәлелдеуді және негіздеуді үйренді, командада еркін жұмыс істеуді үйренді.



Текст
Виртуальная приемная