WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан

25.05.2022

Демонстрациялық емтиханның енгізілуі ТжКБ жүйесінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына қатысты құрылымдық өзгерістердің орын алуымен байланысты, бұл құзыретті мамандарды сапалы дайындамайынша мүмкін емес. WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан - бұл орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау нысаны. WorldSkills стандарттары бойынша демоемтихан студенттер мен түлектердің белгілі бір салада кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды деңгейін анықтау үшін өткізіледі. Колледж түлектері қорытынды аттестаттауды қандай нысанда тапсыратынын таңдауға құқылы: дәстүрлі немесе демоемтихан форматында. Демоемтихан тапсырған және SkillsPassport алған барлық түлектер жұмыс берушілер мен оқу орындарының әлеуметтік серіктестеріне қолжетімді жас мамандардың деректер базасына енгізіледі. Сонымен, 2022 жылдың 20 мамырында колледж кітапханасында «Демонстрациялық емтихан қорытынды аттестаттау нысаны ретінде» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинар барысында өндірістік оқыту шебері Е.С.Лукьянченко және арнайы пәндер оқытушысы Т.В.Холкина «Тalap» КЕАҚ өткізген «Демонстрациялық емтихан оқыту нәтижелерін бағалау нысаны ретінде» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, семинарға қатысушыларды демонстрациялық емтиханды дайындау және өткізу кезіндегі жалпы ережелермен және бірыңғай талаптарымен, демонстрациялық емтиханды өткізу, емтихан өткізу кезіндегі оның мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды. Сондай-ақ педагогтер демонстрациялық емтихан үлгісіне презентация мен бейне шолуды ұсынды.



Текст
Виртуальная приемная