«Дені сау ұрпақ. Здоровое поколение»
2025 жылғы 11 қыркүйек күні КГКП «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжін» «Дені сау ұрпақ. Здоровое поколение» атты тақырыбында әңгіме өтті.
Әңгіме мақсаты: өз денсаулығына ұқыпты қараудың маңызын еске салу; денсаулықты сақтаудың әртүрлі тәсілдері туралы білімді кеңейту; салауатты өмір салтын ұстануға уәжділікті дамыту.
Әңгіме студенттермен аурулардың алдын алуға және жастарға денсаулықты сақтау бойынша ұсынымдар беруге бағытталды. Әлеуметтік педагог студенттерге салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, шынығу, пайдалы және зиянды әдеттер туралы баяндады. Қазіргі таңда не себепті салауатты өмір салтын ұстану трендке айналғаны түсіндірілді. Танымал спорт түрлері, күн тәртібін сақтау қажеттілігі және адамның денсаулығы үшін сапалы ұйқының маңызы талқыланды.
Сапалы ұйқы, теңгерімді тамақтану, күн тәртібі, жүрек саулығы мен дене салмағына ұқыпты қарау, шынығудың қажеттілігі, дене және зияткерлік белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту, дәрігерге уақтылы қаралу, позитивті көңіл күй, басқа адамдарға көмектесу – мұның бәрі денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, денсаулықты сақтау үшін дұрыс әрі сапалы тамақтанумен қатар, жүйелі түрде дене жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын ұстану қажет деген тұжырым жасалды. Студенттерге «Тәрбиеленушілерге арналған салауатты өмір салты ережелері» атты буклеттер таратылды, әлеуметтік педагог СӨС-тің 7 құпиясы әрқайсымыздың өмір жасын ұзартып, денсаулығымызды нығайтуға көмектесетініне үміт білдірді. Жасөспірімдер талқылауға белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойды.
Әңгіме жасөспірімдердің өз денсаулығына қатысты таңдау мен жауапкершіліктің маңызын түсінуіне ықпал етті деп сенеміз. Бұл неге маңызды? Қазіргі заманда жасөспірімдерге теріс ықпалдарға қарсы тұруды және саналы таңдау жасауды білу қажет.
Біз бірге зиянды әдеттерден аулақ «Дені сау ұрпақ» қалыптастыра алатынымызға сенімдіміз!

