Алғыс айту күні

05.03.2022

Алғыс айту күні — адамның адамға жасаған жақсылығы, жақсылық жасауға, қуанышпен бөлісуге, қамқорлық пен махаббат сыйлауға және әрқайсымыз үшін жасалған барлық жақсылық үшін адамға алғыс айтуға мүмкіндік беретін керемет мереке. Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінде бірқатар іс-шаралар өткізілді: - колледж кітапханасында Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілді, білім алушылар мерекенің тарихымен, оның дәстүрлерімен танысты. - 1-наурызда «Мейірімділік асыл қасиет» сыныптан тыс іс-шарасы ұйымдастырылды, оған «Ветеринария» мамандығының 11-топ білім алушылары белсене қатысты. Білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін өлең оқуда көрсетті. - 2-наурыз күні «Түсте сурет салу» атты сурет байқауы өткізілді, білім алушылар біздің еліміз қаншалықты әдемі екенін сурет арқылы көрсете отырып, өз шығармашылық жұмыстарын дайындады. «Дәнекерлеу ісі» мамандығының 12 топ білім алушылары белсенділік танытты. - 3-наурыз күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 10 топ білім алушыларына арналған өзін-өзі тану сабағы. «Риясыз қызмет - адамның рухани дамуындағы алғашқы қадам». Білім алушылар алғыс айту сөзіне ассоциация жасады. «Алғыс, мейірімділік, достық, махаббат» тақырыбында танымдық мақал-мәтелдер байқауына белсене қатысты. Алғыс айту күні – ең алдымен бейбітшілік пен келісім салтанат құрған күн, соның арқасында көпұлтты Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісім, өзара сенім мен құрмет орнаған.



Текст
Виртуальная приемная