Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

04.06.2021

Бүгін, 4 маусым, Қазақстанда мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді, бұл бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін ерекше мереке.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Осы маңызды оқиғаның құрметіне колледждің акт залында салтанатты жиын өтті, оның барысында оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Г.Қ.Мусина мемлекеттік рәміздердің маңызы, құрылу тарихы туралы айтып берді. Мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандық үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен аяқталды.



Текст
Виртуальная приемная