Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні.

18.03.2024

Наурыз мейрамы - көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы - молшылық пен игілік мерекесі. Бүгін Ж.Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күнін мерекелеуге арналған іс-шара өтті. Оған біздің колледждің студенттері қатысып, Қазақстанда тұратын ұлттардың тағамдарын ұсынды. Ал дастарқанның басты тағамы, әрине, Наурыз көже болды. Іс-шара Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне жанасуға, қуаныш, мейірімділік, бейбітшілік, амандық сезімін сезінуге мүмкіндік берді.



Текст
Виртуальная приемная