18.03.2025
Наурызнама жоспарына сәйкес 18 наурыз күні «Ұлттық киім күні» аясында Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінде «Этноfashion» сәнді ұлттық киімдер үлгілері көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты-қазақтардың көп ғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетінің көрінісі болған және ежелгі халықтың қалыптасуының барлық ерекшеліктерін қамтитын қазақ ұлттық киімдерін насихаттау. Көрсетілімге қатысушылар бүгінгі күнге дейін дәстүрлі ұлттық киім үлгілері өзінің танымалдылығын жоғалтпағанын, жарқын түстермен, әдемі ою-өрнегімен тартымды екенін көрсетті. Көрсетілім көрермендерді даңқты көшпенділердің мақтанышына айналған ұлттық киімге жаңа көзқараспен қаратты және оларға ұнап, көңілдерінен шықты. Тамаша кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.



