2025 жылдың 24 қыркүйегінде «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК Есіл ауданының «Покровка орта мектебі» КММ және Шал - Ақын ауданының «академик Е. А. Букетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті.
Мақсаты: мектеп оқушыларына нысаналы кәсіби бағдар беру, мамандықты саналы таңдауға және еңбек нарығы сұраныстарын түсінуге жәрдемдесу.
Бағдарламада: колледждің материалдық-техникалық базасын таныстыру, зертханалар мен кабинеттерге экскурсия, «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша («Шеберлік құпиялары») шеберлік - сағаты, сондай-ақ өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу перспективалары жөнінде әлеуметтік серіктес — ЖК «Гарагуль Л. И.» кездесу.

