Ашық есік күні

08.04.2022

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Кім болу?» деген сұрақ - өмірлік маңызды сұрақ болып табылады. Оның жауабы адамның қалған өміріне әсер етеді. Әсіресе, мектеп бітірген жасөспірімдерге дұрыс бағдар алу, мамандық әлемінде өз орнын табу қиын. Ол қоғам үшін маңызды, қажетті және өзінің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауы керек. 2022 жылдың 06 сәуірінде «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК Есіл ауданы мектептерінің оқушыларына есігін айқара ашты. Аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің, колледж қызметкерлері мен білім алушыларының бірлескен жұмысының арқасында оқу орнына аудан мектептерінің 176 түлегі келді. Кәсіптік білім беру мекемесін таңдауда, мектеп түлектеріне оқу орнының барлық артықшылықтарын көру, білім беру процесіне көзқарастың маңыздылығын және жеке дамудың одан әрі мүмкіндіктерін, сондай-ақ таңдаған қызмет саласындағы болашақ маман ретінде оны жүзеге асырудың перспективаларын бағалау маңызды. Колледж қонақтарына оқу орны бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында оқу аудиторияларына, зертханалар мен шеберханаларға, спорт залдарына, кітапханаға, құзыреттілік орталығына, оқу фермасына, жатақханаға, колледж тарихы мұражайы мен анатомиялық мұражайға бару ұйымдастырылды. Болашақ студенттер біздің оқу орнымыздың атмосферасына еніп қана қоймай, сонымен қатар әкімшілік пен оқытушылар құрамына өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға, білім беру бағдарламалары, қабылдау және оқыту шарттары туралы білуге мүмкіндік алды. Экскурсия аяқталғаннан кейін оқушылар дәмді түскі аспен тамақтандырылып, оқу орнының акт залына шақырылды. Қатысушыларға колледж тарихы және қазіргі уақытта оқытылатын мамандықтар туралы айтылып, жаңа оқу жылына қабылдау ережелері туралы ақпарат берілді. Оқушыларға колледж білім алушылары ұсынған мамандықтар презентациясы ұнады. «Ашық есік күні» мерекелік көңіл-күйде өтіп, ұйымдастырушылар мен қонақтарға жақсы әсер қалдырды.



Текст
Виртуальная приемная