2 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне арналған концерт өтті. Осы күні колледжде көптеген құттықтаулар айтылды. Концерттің мерекелік бағдарламасы тамаша тарту болды: қатысушылар әзірлеген әсерлі қойылымдар көрермендерді әндерімен, билерімен және бейнероликтерімен қуантты: «Егін жинаймыз — еңбекті ұлықтап, дәріптейміз», «Колледж бөлімдері бойынша квест», «Біздің педагогтар туралы мифтер».
Іс-шараға белсенді қатысып, қуанышты сәттер сыйлаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.




