Балаларды қорғау күні

04.06.2021

Жаздың бірінші күні 1- маусымға дәл келетін, баршамыз үшін ерекше қуанышты күн. Балаларды қорғау күні қуанышқа, әрқашан сыңғырлаған күлкіге толы. Балалар - отбасы мен мемлекет үшін ең қымбат нәрсе. Олар қуаныш пен жарқын болашаққа сенім сыйлайды.

Студенттік ұжым, психолог В.Н.Юртованың жетекшілігімен ересектер және балаларды құттықтап, бейне-құттықтауды түпнұсқа түрде жазуды шешті. Ұлдар мен қыздар өздерінің вокалдық және театрлық өнерлерін көрсетіп, көрермендерге балалық шақтың жарқын көрінісін сыйлады. Біздің қызметкерлеріміздің балалары: Пашенцев Егор, Ионова Маша, Мачкарина Оля студенттерге қызығушылықпен көмектесті.

Балалық шақ - ғажайыптар орын алатын сиқырлы ел. Есейе келе, біз, бала болудың және әр кішкентай нәрсеге қуанудың қаншалықты керемет екенін ұмытамыз. Мереке - ересектерге өмірдің әр сәтінің ерекшелігін еске түсіретін, ал балаларға денсаулық пен өз армандарының орындалуына батылдық тілеуге мүмкіндік беретін күн!

Бейнеклипті Youtube каналымыздан көруге болады.



Текст
Виртуальная приемная