«Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық ашық диктант

07.09.2022

2022 жылы 7 қыркүйек күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында «Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Іс-шараның мақсаты- білім алушыларға Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер екендігін дәріптеу. Гуманитарлық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен ашық диктантқа 1 курс студенттері арасынан 58-ге жуық білім алушы мен ұстаздар қатысты. «Диктант – ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасын, ұлы тұлғаның есімін ұлықтау және ел өміріндегі ерекше оқиғалардың ең маңыздысын арқау ете отырып, жазылады»-, деп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Мусина атап өтті.



Текст
Виртуальная приемная