«Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл» додекаэдр

23.10.2023

2023 жылы 23 қазан күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі кітапханасында «Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі - Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл» атты додекаэдр қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Р.Д. Тойшибекова және М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен өткізілді. Іс шараның мақсаты: Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру. Білім алушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері студенттерді топқа бөліп, студенттерді дайындады. Топтық жұмыс Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы жөнінде түзілген сұрақтар бойынша жүргізілді. Баяндама, монолог оқу, мәнерлеп оқу барлығы да осы сұрақ-жауап барысында қамтылды. Іс шара өте тартымды өтті.



Текст
Виртуальная приемная