Қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі жасөспірімдердің әлеуметтік мінез-құлқы, құқық бұзушылық, теріс қылықтарға тәуелділік (темекі шегу, ішімдік, нашақорлық) мәселесі болып қала береді. Әлеуметтік-психологиялық қызметтің бірінші кезектегі міндеті психологиялық жайлылық, білім алушыларға қауіпсіздік жағдай жасау, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және колледждің әлеуметтік ортасында адамгершілік-салауатты қарым-қатынас орнату болып табылады. Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде 2021 жылдың 19 қарашасында педагогикалық кеңес өтті, педагогикалық кеңестің мақсаты –білім алушыларды салауатты өмір салтына тарту мәселелерінде педагогтердің құзыреттілігін арттыру. Педагогтер әлеуметтік педагог С.Г.Коновалованың вейптің зияны, өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті қалыптастыру тәсілдері туралы «Жасөспірімдер - вейперлердің электрондық темекі шегуі әлеуметтік мәселе ретінде» атты баяндамасын тыңдады. Педкеңестің соңында барлық педагогтарға электронды темекінің зияны туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды.