16 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала - бақытты ел» республикалық акциясының айлығы шеңберінде «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Құқықтық күзет» ұранымен акция басталды. Колледж студенттері Есіл АІІБ мұражайына саяхат жасады.
Мұражай милиция гарнизонының қаза тапқан қызметкерлерін мәңгі есте сақтау және олардың ерліктерін насихаттау, ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесін жетілдіру, құқық тәртібін қорғаушы мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында құрылды. Ол қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандардың ерліктерін естелік ретінде сақтайды. Бұл шағын мұражайда жергілікті полицияның көпжылдық шежіресі жинақталған, қызметтік парызға адалдықтың сансыз жарқын мысалдары қамтылған. Бұл мұражайда заманауи полицияның тарихы сақталған негіз, берік іргетас.
Студенттер азаматтарды заңды құқықтары мен мүдделеріне заңсыз қол сұғушылықтан қорғаған, халыққа және Отанға адал қызмет еткен адамдардың фотосуреттерін қызығушылықпен тамашалады.
Экскурсия барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптарын ала алды.