Сотқа экскурсия: шынайы мысалдар арқылы үйренеміз!

19.06.2025

2025 жылы 16 маусым күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің білім алушылары «Есіл аудандық сотына» экскурсия жасап, еліміздің сот жүйесінің жұмысымен тікелей танысу мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай іс-шаралар бірнеше маңызды мақсатты көздейді:

✔ Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру

✔ Заң бұзушылықтың салдарын нақты мысалдар арқылы көрсету

✔ Заңға және сот жүйесіне деген құрметті қалыптастыру

Білім алушылар нақты екі сот процесіне куә болып, тараптарды тыңдау, дәлелдемелерді қарау және шешім шығару рәсімдерін өз көздерімен көрді. Сот төрағасы студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, заң талаптарын сақтау не үшін маңызды екенін түсіндірді.

«Сот жүйесінің жұмысын көзбен көру – құнды тәжірибе болды. Заңды бұзудың салдары қандай болатынын нақты түсіндім», – деп өз әсерімен бөлісті бір білім алушы.



Текст
Виртуальная приемная