04.05.2023
2023 жылдың 04 мамыры күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінің ұжымы мен студенттері Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында өтіп жатқан «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантына белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты - eліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Колледж ұжымы мен оқушыларының мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.