«Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы!» атты колледжішілік эссе байқауы

12.09.2022

Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз.

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Ол– ең бірінші, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.

2022 жылы 12 қыркүйек күні Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы!»» атты колледжішілік эссе байқауын өткізді. Гуманитарлық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен эссеге 1 курс студенттері арасынан 18-ге жуық білім алушы мен ұстаздар қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты: халқымызға еңбегі сіңген ұлы тұлғаларымызды дәріптеу, ұстаздардың қоғамдағы рөлін көтеру, жастардың шығармашылық қабілетін арттыру және сауаттылық дәрежесін көтеру. Өз жұмыстарында студенттер ұстазға деген ыстық ықыластарын, ұстаздың мамандық таңдауға деген көмегін және олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қосқан үлестерін атап өткен. Байқау қортындысы бойынша студенттер 1-дәрежелі, ІІ-дәрежелі, ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная