Ерте жастық кезеңдегі тұлғааралық қарым-қатынастардың өз ерекшеліктері бар. Жастардың бала кезіндегі қызығушылықтардан өтіп, ересек өмірдің мәнін түсіне бастауы олардың қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түбегейлі өзгертуге итермелейді. Жігіттер мен қыздар үнемі қарым-қатынас ізденісінде жүреді. Олар жаңа тәжірибеге құмар, өздерін толғандыратын мәселелерді шешуге мұқтаж және алдарынан кездесетін адамдар ағынында маңызды, қызықты әрі ерекше таныстықтар күтеді. Сол себепті, көбіне көз алдында пайда болған жаңа адам олардың қызығушылығын оятады. «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің» КМҚК әлеуметтік педагогы С.Г. Коновалова колледждегі жігіттер мен қыздар арасында «Жас жігіттер мен қыздардың қоғамдағы өзін-өзі ұстау этикасы» тақырыбында әңгіме өткізді. Қатысушылармен қыздар мен жігіттердің бір-біріне ұнамды болу үшін қалай әрекет ету керектігі туралы пікір алмасты. Бір-бірін түсіну үшін сақталуы қажет қарым-қатынас ережелері талқыланды. Қыздар мен жігіттердің бір-бірімен қарым-қатынасын талдай отырып, өз бойларында тәрбиелеу керек қасиеттерді анықтады. Қатысушылар қарым-қатынастың оңай әрі тегіс болмайтынына көз жеткізді. Көп жағдайда қателіктердің негізгі себебі – бірін-бірі тыңдап, түсіне алмауында екеніне тоқталды.






