Өміршеңдік фестивалі. Мен қиындықтарды еңсеріп, қайта қалпына келе аламын

21.10.2026

«Психологиялық денсаулық – ұлттың әл-ауқаты» атты психологиялық онкүндік аясында «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚҚК колледж психологы мен әлеуметтік педагогының ұйымдастыруымен «Өміршеңдік фестивалі. Мен қиындықтарды еңсеріп, қайта қалпына келе аламын» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара ұжымның бірлігін нығайтуға, мазасыздық деңгейін төмендетуге және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Студенттер келесі станциялар жұмысына қатысты: «Менің ресурсым» (өзін-өзі қолдау), «Икемділік», «Қолдау», «Менің келесі қадамым», «Жетістіктер қабырғасы» және «Өзіммен бірге не алып кетемін?».

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл күйлері үшін алғыс білдіреміз!



Текст
Виртуальная приемная