19.03.2024
2024 жылы 17 наурыз күні Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығ колледжі» КМҚК-да оқытушы О.В. Жолтабарова «Менің отбасым» фотокөрмесін өткізді. Студенттер топ жетекшілерімен бірге көрмені өткізуге ат салысып, сұрақтарға жауап берді. Отбасылық фото мұрағатынан, олардың отбасын және отбасылық құндылықтарды толық сипаттайтын суреттерді таңдады. Көрме барысында студенттер отбасылық фотосуреттерді тамашалап, отбасы мүшелері, олардың мүдделері туралы сұхбат берді.

