БАСТЫ БЕТ

Қалыптасқан жаңа экономикалық талаптарға, қазіргі заманғы өндіріске жоғары білікті мамандар, кәсіптік біліктіліктерге және шығармашылық ойлау қабілеттерге ие, сонымен қатар өндіріс жағдайларына тез бейімделетін кадрлар қажет. Жеке тұлғаның кәсіби құзыреттілік, жігерлілік және іскерлік, ынталылық және жоғары еңбек тәртібі, өмірлік болмысты жеке сараптау қабілеті, нақты (жауапты) шешім қабылдау және оларды жүзеге асыру сияқты қабілеттеріне талап күшеюде. Аталған барлық қасиеттерді біздің колледжде алуға болады. Оқушылар үшін колледж – бұл тек қана оқу жаңалықтарына саяхат жасаушы, бағыттаушы нүкте емес, сонымен қатар өзін және басқа адамдарды тану саласы.

Адамның бүкіл ғұмыры, соңғы сағатына дейін өмірдің заңдары мен даналықтарын танып-білу болып табылады. Колледжде білім ала отырып, сіз алдымен осы ғылым саласын меңгересіз, ал қалғаны өзі келеді.

Сондықтан біздің міндеттеріміздің бірі оқушыны педагогтың жеке тұлғалық дүниетаным саласына қосу, оны «білім нәрімен» сусындату, алдын ала «білім кілтін» беріп, оларға жеке тұлғалық және ұжымдық тәсілдерді меңгерту «байлықтары» болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің айтуынша: «Жастар - біздің болашағымыздың негізі, өз болашағын құру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Бұл жаңа мүмкіндіктер біздің еліміздің қолында, әрқайсымыздың алдымызда ашылуда».

Ал біз өз қызметіміздің саласы бойынша адамдарды өмірге дайындауға міндеттіміз, олар біздің мемлекетіміздің болашағына жауапты, олардың өмірдегі негізгі бағыты: «Шығармашылық, кәсіптік, жетістік (табыс)» болып табылады.

© 2021 "Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК
Пошталық мекен-жайы: 150513, СҚО, Есіл ауданы, Покровка селосы, Строительная көшесі, 49
Телефон: +7 (7154) 323 2 08 Факс: +7 (7154) 323 2 08
E-mail: eshk123@mail.ru

Сайт "Sova.Жедел сайт" жүйесінде жұмыс істейді.
Авторлық құқықты тіркеу туралы куәлік нөмірі 1537, АЖ 0010971, 1 тамыз 2013ж.
"Sova.Жедел сайт" ААЖ лицензиялық нұсқасы. web: www.sova.ws



Текст
Виртуальная приемная