Мемлекеттік рәміздер-біздің мақтанышымыз

04.06.2024

2024 жылғы 4 маусымда Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өтті. Аталған іс-шараның мақсаты-мемлекеттік рәміздерге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және бекіту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран - бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін, азаматтардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тудыратын ресми атрибуттар. Іс-шара Қазақстан Республикасының туын салтанатты түрде енгізу мен әнұраннан басталды. Колледж директоры Б. Бұғасов өз сөзінде Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуден басталатынын атап өтті. Көрермендер мерекенің маңыздылығы, пайда болу тарихы, авторлары мен біздің рәміздеріміздегі ұлттық мотивтердің маңызы туралы біліп қана қоймай, Отан, Туған жер туралы патриоттық әндерді тыңдады. Бірінші курс студенттерінің хоры «Қазақстан балалары» әнін әдемі орындады. Кез-келген елдің мемлекеттік атрибуттары оның тәуелсіздігін көрсетеді. Біздің еліміз 30 жылдан астам уақыт бойы егемендікке ие болды, сондықтан жас ұрпақты патриотизм рухында және елдің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен тәрбиелеу өте маңызды.



Текст
Виртуальная приемная