«Жақсы көңіл-күй жан азығы»

11.11.2022

2022 жылғы 11 қараша күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ның жатақхана студенттері үшін "Бала құқығы – адам құқығы" республикалық онкүндігі аясында, білім алушылардың өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерді бағалай білу мақсатында іс-шара өткізілді. Тақырыптық кештің мақсаты: зорлық-зомбылықты болдырмау, білім алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құзыреттілікті арттыру. Іс-шара, психологиялық тренинг барысында проблемалық жағдайлар талданды, жағымды көңіл-күй қалыптастыру дағдыларын дамытуға арналған ойындар, рухты көтеретін спорттық іс-шаралар өткізілді. Қорытындылай келе, студенттер «Өмір атты кеменің» соқтықпалы, соқпақты жолдардан тұратындығын айтты. Сонымен қатар іс шара білім алушыларды өз - өзіне құрметпен қарауға, бір - біріне сыйластық қарым - қатынаста болуға баулыды. Іс-шара музыкалық кешпен аяқталды, онда білім алушылар бір-бірімен жақсы көңіл-күймен бөлісті. #kopdmonrk #балаларжылы



Текст
Виртуальная приемная