Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған “Көркем сөздің хас шебері – Ғабиден Мұстафин!”атты ақпараттық сағаты

23.11.2022

2022 жылдың 23 қараша күні колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” атты тұжырымдама аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Орман шаруашылығы» мамандығының 19 тобы және «Агрономия» мамандығының 13 топ студенттерімен бірлесіп Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған “ Көркем сөздің хас шебері – Ғабиден Мұстафин!” тақырыбында әдеби ақпарттық сағаты өткізілді. Ақпараттық сағаттың мақсаты: студенттердің дауысы дәуірмен ұласқан Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Ғ.Мұстафиннің шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Қазақтың ұлы жазушысы Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Іс шара барысында бейнебаян көрсетіліп, білім алушылар сұрақтарға жауап берді. Студенттер іс-шарада жақсы білімдерін көрсете білді және үлкен ықыласпен қатысты.



Текст
Виртуальная приемная