29.09.2021
Тәуелсіздік - біздің басты құндылығымыз. Халқымыз Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойы армандаған. Қантөгіссіз, бейбіт түрде тәуелсіздікке қол жеткізіп, біз елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 30 жыл ішінде біз тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыра отырып, күрделі нарықтық ауысуларды бастан өткердік. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихымен танысу, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілген жетістіктер мен рухани өзгерістерді кеңінен тарату мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы кезеңдері» тақырыбында 1-2 курс топтарында сынып сағаттары өткізілді.