Студенттік Парламент туралы ақпарат

17.05.2021

Колледждің студенттік Парламенті өзінің белсенді қызметін атқара бастады. «Студенттік өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы» негізінде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Студенттік Палдамент» құрылды және «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-дағы Студенттік Парламент қызметі туралы ереже» бекітілді.

2021 жылғы 13 мамырда студенттердің жалпы жиналысында колледждің студенттік Парламенті Президентінің сайлауы өтті. Сайлауға қатысуға колледждің барлық мамандықтарының 1-3 курс студенттерінен 10 үміткер өтінім берді. Әр үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасымен сөз сөйледі. Барлық қатысушылар дауыс беру бюллетеньдерін толтырды. Дауыс беруге 124 адам қатысты.

Студенттер мен педагогтардың дауыс беру қорытындысы бойынша колледждің студенттік Парламентінің президенті «Ветеринария» мамандығының екінші курс студенті Махьянова Мария-Моника Александровна болды.

Парламенттік сайлаудың қалған қатысушылары фракция лидерлары. Колледждің студенттік Парламенті «Болашақ» деп аталды.



Текст
Виртуальная приемная