«Кітапханашы – толған креатив!» интеллектуалды ойыны

10.10.2023

2023 жылы 10 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында «Кітапханашы – толған креатив!» атты интеллектуалды ойынын кітапханашы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен өткізілді. Интеллектуалды ойынның мақсаты: білім алушылардың ақпараттық және әдеби мәдениетінің деңгейін арттыру, оқуды басқарудың белсенді формаларының спектрін кеңейту, кітапхана материалын беру формаларын әртараптандыру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі көрсету қажеттілігін ынталандыру. Интеллектуалды ойын барысында ойыншылардың екі командасы әдеби шығармалар бойынша білімдерімен жарысты . Олар үшін тапсырмалар мен сұрақтар парақтары дайындалды. Өз білімдері мен эрудицияларын қолдана отырып, оларға жауап беруі керек еді. Интеллектуалдық ойынның сұрақтары мен тапсырмалары студенттер үшін қиындық тудырған жоқ , олар өз білімдерін көрсетті, ойын қызықты және танымды өтті. Ойын соңында студенттер жеңімпаздарды анықтап, қорытындылады.



Текст
Виртуальная приемная