«Қазақ ұлтының салт дәстүрлері» интеллектуалды ойыны

16.03.2023

2023 жылдың 16 наурыз күні колледж кітапханасында «Дәстүр мен ғұрып» жобасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты аясында гуманитарлық пәндер оқытушылары «Ветеринария» мамандығының 11 топ студенттерімен бірлесіп «Қазақ ұлтының салт дәстүрлері» интеллектуалды ойынын өткізді. Іс шараның мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне де құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру. Қатысушы студенттер 5 турдан тұратын сайысқа қатысты. 1 тур - «Кім ұлттық киімдерді көп біледі» деп аталды; 2 тур - «Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталды. Оқытушы өз ойын айтады, Қатысушылар дұрыс болса қол шапалақтайды, бұрыс болса тыныш отырады; 3 тур - «Қазақ халқының салт – дәстүрлері деп аталады», мұнда сөйлемдердің мағынасын айтып, қандай салт – дәстүрлер туралы айтылғаның тауып айту керек. 4 тур - Әр халықтың өзіне тән мақал – мәтелдер болады. Оқытушы мақалдарды айтады, ал студенттер жалғасын айтады; 5 тур - «Әнді тап» деп аталады. Іс шараға студенттер белсене қатысты.Ойын өте қызық , әрі тартымды өтті.



Текст
Виртуальная приемная