Интеллектуалдық ойын «QuizTil: Қазақ тілі – менің тілім»

03.09.2025

2025 жылы 3 қыркүйек күні КГКП «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында «QuizTil: Қазақ тілі – менің тілім» атты тақырыбында интеллектуалдық ойын-викторинаны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М.Қ. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын жетілдіру, заманауи интерактивті әдістер арқылы оқуға ынталандыру.

Ойын барысында цифрлық платформалар мен офлайн-тапсырмалар заманауи ойын форматына біріктіріліп қолданылды:

«Тіл қазынасы» (Educaplay) – қазақ тіліне байланысты онлайн-викторина;

«Әріптер сыры» (Wordwall) – әріптерден сөз құрастыру ойыны;

«QuizTil» (Wordwall) – назар мен шапшаңдыққа арналған әріптерді табу ойыны;

«Сөз құрастырушы» (офлайн-пазл) – баспа түрінде дайындалған элементтерден сөздер мен сөз тіркестерін құрастыруға арналған топтық жұмыс.

Іс-шара танымдық әрі қызықты атмосферада өтті. Білім алушылар белсенділік танытып, білімдерін, тапқырлығын және қазақ тіліне деген қызығушылығын көрсетті. Цифрлық технологиялар мен ойын элементтерін қолдану викторинаны заманауи әрі әсерлі етті.



Текст
Виртуальная приемная