«Ақылдылар мен тапқырлар» зияткерлік ойыны

18.04.2023

Рухани және мәдени мұра ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге өтеді. Алдыңғы ұрпақтар жасаған материалдық және рухани құндылықтар мәдени-тарихи жадыны сақтау үшін ғана емес, сонымен бірге елдің мәдени және табиғи гендік қорын сақтау үшін де маңызды. 2023 жылдың 14 сәуір күні ««Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты аясында география пәні оқытушысы Т.С.Актаева 1 курс студенттерімен бірлесіп , «Ақылдылар мен тапқырлар» атты зияткерлік ойынын өткізді. Мәдени мұраны сақтаудың маңызы үшін өткеннің құндылықтары мен мағыналары әр жаңа ұрпақ өмір сүріп, мәдени дамуы үшін сақталуы және үнемі таратылуы керектігі, бүгінгі таңда мәдени мұраны сақтап қана қоймай, қалпына келтіру қажеттілігі іс шара барысында көрініс тапты. Ойын барысында білім алушылар қойылған сұрақтарға өте белсенді және қуана жауап берді, еліміздің қызықты тарихи фактілері мен мәдени ерекшеліктерін білді. Іс шара соңында қатысушылар ойын туралы эмоцияларымен және әсерлерімен бөлісті. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.



Текст
Виртуальная приемная