Достық өнері

11.09.2025

Көптеген студенттерге буллинг мәселесі мектеп кезінен таныс болғандықтан, 2025 жылғы 11 қыркүйек күні «ДосболLike» бағдарламасы аясында педагог-психолог «Достық өнері» атты тренинг өткізді. Коммуникация, сенім және қақтығыстарды шешу жөніндегі мастер-класс сенім мен өзара түсіністік атмосферасында өтті. Психолог дайындаған тапсырмалар арқылы білім алушылар топтық жұмыс істеп, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар ұжымдағы достықтың ұран емес, күнделікті әрекет пен жеке жауапкершілікті талап ететін құндылық екенін ұғынып, бұл бағытқа жүйелі назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, білім алушылар ұжымды біріктіруге бағытталған іс-шараларды жиірек өткізу жөнінде ұсыныс білдірді.



Текст
Виртуальная приемная