«Қазақстан-Ұлы Дала Елі» тарихи экскурсиясы

21.10.2022

2022 жылы 21 қазан күні Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК – да «Қазақстан -Ұлы Дала Елі» тақырыбында тарихи экскурсия өткізілді. Іс-шара білім алушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өз мемлекетінің тарихына деген терең құрмет пен сүйіспеншілікті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Тарихи экскурсия «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 1-2 курс студенттері арасында өткізілді. Қоғамдық пәндер оқытушысы Д. С. Ахметова Қазақстан Республикасы күнін мерекелеудің маңыздылығы туралы айтып берді. Электрондық подиум арқылы еліміздің киелі жерлеріне виртуалды экскурсия жүргізілді. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенттері Гвоздева Марина, Қасен Гүлнұр, Асқар Гүлден «Менің Отаным» тақырыбында өз өлеңдерін жоғары деңгейде оқыды, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 1-курс студенттері Мироненко Валентина, Анисимова Ангелина, Климошенко Татьяна және Костицына Евгения «Менің өлкем» тақырыбында өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Әрі қарай іс-шара аясында тарихи бейнесюжеттер мен бейнероликтер көрсетілумен аяқталды.



Текст
Виртуальная приемная