«Батырлар даңқы өшпейді» ерлік сабағы

12.05.2023

Студенттердің бойында батылдық, отансүйгіштік туралы нақты түсініктерді қалыптастыру мақсатында "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-інде 2023 жылы 12 мамыр күні "Батырлар даңқы өшпейді" атты бірыңғай ерлік сабағы өткізілді. Бұл сабаққа колледждің барлық топтары ат салысты. Батылдық пен отансүйгіштікке арналған іс-шаралар колледж қабырғасында әрқашан жоғары деңгейде өткізіледі. Бұл жолы да өзгешелік емес, топтардағы ерлік сабақтары жақсы дайындықпен ұйымдастырылды. Зымыраған уақыт... Әне - міне дегенше Жеңістің 78 жылдығы да тойланды. Зұлматты жылдар мен соғыс тауқыметі туралы аз айтылған жоқ. Бірақ... бірақ бізді фашизмнен қорғап, өзінің жанын аямаған, жер бетін «қара обадай» жайлап, үстемдік еткісі келгендердің арам пиғылын іске асыртпаған абзал азаматтардың ерліктері жөнінде бәрін айтып, барлық лайықты құрмет пен қошеметті көрсете алдық па деген ой жиі мазалайды. Біз әлемде бейбітшілік орнату үшін қасық қаны қалғанша аянбай күрескендерді үнемі ұмытпауымыз керек. Р.Рождественскийдің «Реквиеміндегі» «Әрбірінің есімі жадымызда. Қайғырумен еске аламыз оларды. Бұл өлілер үшін емес, тірілер үшін керек» деген сөзі бізге, біздің ұрпағымызға айтылған сөз. Ерлік сабағына қатысқан оқытушыларға, колледж студенттеріне көп рахмет. Өте үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі іс-шара білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені ояту мақсатында ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың ұлтжанды болуы – Қазақстанның болашағы кемел екендігін айқындайды. Туымыз биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, аспанымыз ашық болғай!



Текст
Виртуальная приемная