"Агрономия" құзыреттілігі бойынша JiniorSkills-2023

31.03.2023

2023 жылғы 31 наурыз күні "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында "Агрономия" құзыреттілігі бойынша JiniorSkills-2023 оқушылары арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті, оған Корнеевка ОМ, Рассвет ОМ және №3 Явленка ОМ командалары қатысты. Бұл конкурстың негізінде әр оқушының өзін әр түрлі кәсіптерде, кәсіби қызмет салаларында сынап көру, кәсіби мамандардан сабақ алу мүмкіндігі туралы идея жатыр, ал JuniorSkills мақсаты: кәсіптік бағдар беру және оқушылардың заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеру, жұмысшы мамандықтарын танымал ету үшін жаңа мүмкіндіктер жасау болып табылады. Аталған құзырет бойынша конкурс 4 кезеңнен тұрды:

1) көшеттерді жинау.

2) астықтың бітелуін анықтау.

3) астықтың мөлдірлігін анықтау.

4) дән желімшесін жуу.

Кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Рассвет ОМ оқушысы – Шукаев Никита, ІІ дәрежелі дипломмен Ильинка ОМ оқушысы – Молденов Руслан, ІІІ дәрежелі дипломмен Корнеевка ОМ оқушысы – Гальцев Сергей марапатталды, қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар ұсынылған конкурстық тапсырмаларды лайықты орындады, ал іс-шараға келген қонақтарда да, конкурсқа қатысушыларда да жағымды эмоциялармен өз елді мекендеріне кетті.



Текст
Виртуальная приемная