Біз музыкамен жеңіске жеттік...

04.05.2023

Әскери-патриоттық тәрбие студенттердің бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз Отанына деген адалдық сезімін тәрбиелеудегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу - болашақта елдің тұрақты дамуының кепілі. Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Патриот» айлығы аясында бүгін әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған. Әр топқа патриоттық ән дайындап, оны орындау қажет болды. Студенттер тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарады және өте қызықты композициялар көрсетті. Әскери-патриоттық әндерді орындаған әр қатысушы түрлі номинациялар бойынша грамотаға ие болды. Қатысушыларға әндерді тамаша орындағаны үшін, ал көрермендерге — қолдауы мен жылы қошеметі үшін алғыс айтамыз!



Текст
Виртуальная приемная