«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?»

04.12.2023

Алаяқтықтың қашықтықтан түрлерінің алдын алу мақсатында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК студенттерімен бірлесіп Есіл ауданының ПБ КПб жедел уәкілі полиция аға лейтенанты С. Б. Жанатов және Есіл ауданының ПБ КПб жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Б.Б.Буканмен кездесуі өтті. Білім алушыларға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылды. Әлеуметтік педагог. С. Г. Коновалова студенттерге алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы айтып, зиянкестердің айла-амалдарына түсіп қалмау және алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен қорғану жолдарын түсіндірді. Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Осы орайда интернет алаяқтарынан сақтану үшін қызметі келесі кеңестерді ұсынады: -Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар. -Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз. Бұл кездесу білім алушылар үшін танымдық және қызықты болды, барлық қатысушылар қажетті ақпараты бар жадынамалар алып, СҚА Есіл ауданының ПБ КПб қызметкерлеріне пайдалы және қызықты сұхбаты үшін алғыстарын білдірді.



Текст
Виртуальная приемная