Қазақ халық аспаптары

13.02.2023

2023 жылы 10 ақпан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ветеринария" мамандығының 11 топ студенттерімен топ жетекшісі Ольга Валерьевна Жолтабарова "Қазақ халық аспаптары" тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты аспаптық мәдениеттің шығу тегі мен олардың дыбысын ашу. Сынып сағаты барысында студенттер қазақ халық аспаптарының (қос ішекті аспап, ұрмалы аспап, үрмелі аспаптар) түрлерімен танысты. Қазақтың халық аспаптары мәдениетінің пайда болуы туралы әңгіме болды. Әуенді аспаптарсыз орындау, яғни халықтың мәдениетін елестету мүмкін емес. Олар этнос руханиятының дамуын көрсетеді, оның дүниетанымының өзіндік ерекшелігін, діни түсініктерін жеткізеді. Қазақтың ұлттық аспаптары тарихи мұра болып табылады, халықтың рухани байлығын — оның эстетикалық талғамын, музыкалық үйлесімділікті жаңғыртудағы шеберлігі мен талантын ашады. Студенттер қазақ музыкалық аспаптарының қандай екенін айтып берді. Қазақ халық аспаптары қазақ музыкалық мәдениетінде маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келді.



Текст
Виртуальная приемная