АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу бойынша сынып сағаты: «Толеранттылық және АИТВ-инфекциясы мәселелері»

29.11.2021

Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясының «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» тақырыбында онкүндік өткізу аясында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың жеке қасиеттерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін үйлесімді дамыту, өсіп келе жатқан ұрпақты мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу, ЖИТС ауруының алдын алу. Білім алушыларға бұл күн не үшін белгіленгені, ЖИТС-ке қарсы күрестің халықаралық символы не үшін - ерекше түрде бүктелген жібек лентаның бір бөлігі «қызыл лента» екендігі айтылды. Сынып сағаттарын өткізу барысында АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС мәселесінің кең ауқымды мәселелері қаралды, өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті қалыптастыру тәсілдері қозғалды, мінез-құлық дағдыларын дамыту талқыланды.



Текст
Виртуальная приемная