2023 жылы 14 наурыз күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасының оқу залында "Оқуға құштар колледж" жобасының тұжырымдамасы аясында "Кітап жұлдыздары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты - оқырмандарды Отандық әдебиетке қызықтыру, білім алушыларды қазақ жазушыларының кітаптарымен таныстыру. Іс шараның міндеті – білім алушыларды қазақ әдебиетінің үздік әдеби үлгілерімен таныстыру, сөздік қорын толықтыру, жастарды эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ, көрмеде белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіковтің шығармашылығына арналған "Бір ел - бір кітап" буклеті ұсынылды.
