2024 жылы 29 ақпан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында кітапханашы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен «Менің өмірімді өзгерткен кітаптар» эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: студенттерді көркем әдебиетті оқуға тарту, оқылған кітаптарды талдау, өз пікірін сауатты білдіру қабілетін дамыту. Кітап біздің өмірімізді өзгерте ала ма? Бұл сұрақтың жауабын 3 курс студенттерімен бірге талдадық. Конкурстық жұмыстарда білім алушылар өмірдің мәні, гуманизм, мейірімділік, адамдарға деген жанашырлық тақырыптары қозғалды. Студенттер жас ұрпақтың армандары мен үміттерін, оқылған кітаптың адамның өмірлік ұстанымын қалыптастыруға қалай әсер ететіндігі туралы ойларын білдірді. Барлық қатысушыларға оқуда және жаңа кітаптармен кездесуде табыс тілейміз.