(Еңбек күніне орай, «Адал азамат» бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» құндылығы аясында)
2025 жылғы 22 қыркүйек күні Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде бірінші курс студенттері арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.А. Аманованың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің игілігі үшін еңбек» атты тақырыбында эссе байқауы өтті.
Еңбек — қуаныш пен қанағаттың қайнары. Еңбек ұжымында адам өзге адамдармен қарым-қатынасты үйренеді, ал қажырлы еңбек үстінде тұлға тәндік тұрғыдан да, адамгершілік тұрғыдан да кемелденеді. Еңбек — өмір сапасының маңызды негізі.
Байқаудың басты мақсаттарының бірі — өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу және тарихқа құрмет сезімін орнықтыру. Себебі ертең ел дамуының эстафетасын дәл бүгінгі жастар қабылдап, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтпақ. Жас қатысушылар өз эсселерінде Тәуелсіздіктің мәні мен құндылықтарын, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің қарапайым да маңызды көріністерін ой елегінен өткізді.
Нәтижелер:
1-орын — Вурм Инга
2-орын — Сафронова Нина
3-орын — Григорьев Дмитрий
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқауға белсенді қатысып, Отанға адалдығы мен патриоттық сезімін көрсете білген барлық студенттерге алғыс айтамыз.

