«Менің арманымдағы – Қазақстан!» эссе жазу байқауы

19.10.2022

Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбында студенттер арасында эссе жазу байқауы өтті. Эссе байқауының мақсаты - жастардың ел тарихын құрметтей отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәуелсіздік пен мемлекеттігімізді одан әрі нығайту жолында елге деген азаматтық жауапкершіліктері мен патриоттық сезімдерін арттыру. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған эсселер ұсынылды. Байқауға колледж көлемінде барлық студенттер қатысу мүмкіндігіне ие болды. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін арнайы комиссия мүшелері бекітілді. Байқау жеңімпаздары - І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар марапатталды. 3 тілдегі эссе байқауының нәтижесінде: І орын – Неживых Кристина –«Есеп және аудит» мамандығының 34 топ студенті ІІ орын –Мироненко Валентина – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 10 топ студенті ІІІ орын – Лебедева Ульяна –«Ветеринария» мамандығының 11 топ студенті



Текст
Виртуальная приемная