Биыл ЖИТС-тың алғашқы жағдайлары тіркелгеніне 40 жыл толады, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің мерейтойы мерекелік сипатта болмайды. АИТВ жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселесінің бірі болып қала береді. ЖИТС-пен күрес нақты мақсаттарды көздейді - бұл АИТВ және ЖИТС мәселесіндегі қоғамдық хабардарлықты күшейту, профилактикалық ақпаратты тарату, сондай-ақ әлеуметтік төзімділікке тәрбиелеу. «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да «Зиянды әдеттер» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Іс - шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында зиянды әдеттерден бас тарту қажеттілігіне сендіруді қалыптастыру, білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту. Білім алушылар өз суреттерінде ішімдік, темекі шегу, ЖИТС мәселелеріне деген көзқарастары және ауруды жұқтырмау үшін не істеу қажеттігін суреттеді. Дені сау болуға тырысыңыз! Көп нәрсе өздеріңізге байланысты!