«JUNIOR SKILLS - 2020» кәсіби шеберлік байқауы

17.03.2020

2020 жылдың 12 наурыз күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК теңгерімінде мектеп оқушылары мен колледждің бірінші курс білім алушылары арасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреті бойынша «Өз ісінің шебері» «JUNIOR SKILLS - 2020» форматында кәсіби шеберлік байқауының аймақтық кезеңі өткізілді. «Өз ісінің шебері» «JUNIOR SKILLS - 2020» форматында кәсіби шеберлік байқауының негізгі миссиясы – мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, әлемде тез өзгеріп жатқан мамандықтарды таңдау және болашақтағы еңбек нарығында нақты орнын табуға бағытталған. Жасөспірімдер арасындағы WorldSkills турнирлері, біріншіден, белгілі бір мамандық бойынша бақтарын сынап көруге мүмкіндік береді. Екіншіден, тікелей кәсіби шеберлерден мамандық туралы ақпарат алу. Кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында білім алушылардың кәсіби шеберлік байқауларына қатысуы әлеуметтік және кәсіптік мәселелерді шешуде теориялық және тәжірибелік білімді қолдануға, тәжірибелік даңдылары мен кәсіптік қызметтің инновациялық тәсілдерін игеруге ықпал етеді. «JUNIOR SKILLS - 2020» кәсіби шеберлік байқауы – кәсіби бағдар беру жұмыстарының бір түрі, сонымен қатар халықаралық озық тәжірибелі WorldSkills қозғалысына негізделген мектеп оқушыларының заманауи кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Байқаудың мақсаты - аймақтағы кәсіби дайындықтың сапасын арттыру және агроөнеркәсіптік кешендегі жұмысшы мамандығының беделін көтеру, сонымен қатар кәсіби білім беру саласына үздік ұлттық және халықаралық тәжірибені енгізу. Байқауға Есіл ауданы мен Шал ақын ауданының мектеп оқушылары қатысып, «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша өздерінің шеберліктері мен кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Сараптама комиссиясының төрағасы Н.М.Бимаканов және оның құрамына енген арнайы пәндер оқытушылары сайысқа қатысушыларға баға берді. Байқау теориялық, тәжірибелік және оқушылар болашақ техника туралы өз көзқарастарын ұсынған шығармашылық кезеңдерден тұрды. «JUNIOR SKILLS - 2020» байқауына қатысушы алты сайыскер кәсіби дағдыларын көрсетті. Сараптама комиссиясы алдында кәсіби біліктілігін көрсетіп, тәжірибелік тапсырманы мүлтіксіз орындап алға шыққан үздік шебер иелерін таңдау міндеті тұр. Мыңнан тұлпар болып алға озып шығу оңай емес! Бірақ бұл жарыстағы ең басты жеңіс қатысушылардың білім деңгейін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдау деп есептейміз. Осылайша, Бас Жүлде «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК 1 курс білім алушысы А.Е,Селиверстовке, I орын Тимофей Позолотин атындағы Явленка № 1 орта мектебінің оқушысы К.Д.Дмитриевке, II орын Таранғұл орта мектебінің оқушысы А.К.Резепкинге, III орын Амангелді орта мектебінің оқушысы А.А.Анисимовке берілді. «JUNIOR SKILLS - 2020» байқауының ақтығында жеңімпаздар чемпионат кубогымен және дипломдармен марапатталды. Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің оқушысы Д.Қ.Талғатқа және Шал ақын ауданының Пришим орта мектебі оқушысы Д.Ж.Тыштыбайға қатысушы сертификаты берілді. Байқауға Шал ақын ауданы мен Есіл ауданы мектептерінен 52 оқушы қатысты. Конкурстық бағдарлама барысында оқушылар оқу мекемесімен таныстырылып, әр түрлі мамандықтар бойынша оқу кабинеттері мен зертханаларына, анатомия және өлкетану мұражайларына, колледж жатақханасына барды. Байқау аяқталған соң, қонақтарға колледж асханасында дәмді түскі ас ұсынылды. Кәсіби шеберлік байқауы бір шаңырақ астына жиналған жас кәсіпқойларды ұйыстыратын, рухтандыратын шара болып табылады. Бұл күн жарқын әсерге, қызу пікірталасқа толы, байқаудың нәтижесін асыға күткен күн болды. Қатысушылар қошеметпен қарсы алынып, оқытушылары өз шәкірттеріне жігер беріп, қолдау көрсетіп отырды. Байқауға қатысушылар мұндай іс-шара баға жетпес тәжірибе беретініне сенімді. «Өз ісінің шебері» «JUNIOR SKILLS - 2020» байқауы еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерінің беделін көтереді. Дмитрик Т.А. «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары



Текст
Виртуальная приемная