26.02.2025

Бүгін, 2025 жылғы 25 ақпанында Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Менің мамандығым жақсы!» бейнероликтер сайысы қорытындысы шығарылды. Бұл байқаудың мақсаты жастардың шығармашылық іске асырылуына ықпал ету және жұмысшы кәсіптерін танымал ету, жұмысшы кәсіптері адамының тартымды бейнесін жасау. Конкурсқа колледжде оқытылатын әрбір мамандық бойынша жеке 10 жұмыс ұсынылды. Студенттердің жұмыстары қызықты, мазмұнды болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша нәтиже келесідей: - 1 орынды «Агрономия» мамандығы 23 топ студенттері иеленді; - 2 орын «Агрономия» мамандығы 13 және 33 топ студенттерінде; - 3 орын «Орман шаруашылығы» мамандығы студенттері алды.