«Ән әрқашан сапта!» әскери – патриоттық әндер байқауы

11.05.2022

2022 жылдың 05 мамыры күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нің оқу топтары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай «Ән әрқашан сапта!» тақырыбында әскери – патриоттық әндер байқауы өткізілді. Патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Конкурс барысында әр кездері адам жанын баурап алатын әндер орындалып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол әндердің шығу тарихы мен авторлары жайлы да сөз қозғалды. Конкурсқа қатысушылардың соғыс жылдарындағы әндерді орындауын, олардың сахналық мәдениетін және орындау шеберлігін білікті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының құрамында Есіл ауданынының мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы Ғалымжанов Ерлан Жомартұлы, Покровка ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Баяхметова Сара Тұрсынқызы және Покровка ауылдық округінің әкімшілігінің өкілі Жанов Азамат Нұрланұлы болды. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды 23 топ, 2 орынды 20 топ, 3 орынды 10 топ студентттері иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қатысушылар да, көрермендер де сайыстан жақсы әсер, оң эмоциялар алды.



Текст
Виртуальная приемная